Шәкірттер арасында Құран сайысы өтті

Шәкірттер арасында Құран сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде облыс бойынша Құран курсында Алланың кәләмін жаттап жатқан шәкірттер арасында Құран сайысы өтті.

1 және 2 пара бойынша сынға түскен шәкірттерге ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, 11-Республикалық Құран жарысының жүлдегері Иманәлі Мырзагелді, "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат әділ-қазылық етті.

Бірінен бірі асып түсіп, Құранды махражына келтіре оқыған жастардың ішінен дода жеңімпазын анықтау оңай болмады. Сайысқа қатысқан 20 баланың ішінен оқ бойы озық шыққандар төмендегідей орындарға ие болды. 

Құранның 1 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын - Жәпек Рахымжан;

ІІ орын - Мырзагелді Нұрислам;

ІІІ орын - Жақсылық Нұрсұлтан, Анарбек Әділжан, Ерланұлы Ислам.

Құранның 2 парасын жатқа оқу бойынша:

ІІ орын - Әділет Бақдаулет;

ІІІ орын - Еркінұлы Бексұлтан.

Жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлығы табысталды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: