Бүгін біз сіздермен қажылықтың сыйы жөнінде әңгіме өрбітпекпіз. Әбу Хурайра (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Алла қабыл еткен қажылықтың сыйы - Жұмақ» (Бұхари, Мүслим). Алайда алдымен қажылық қабыл болынуы тиіс.
Аталмыш мақалада сіздердің назарларыңызға 13 кеңесті келтіреміз, осы кеңестерді лайықты түрде ұстанатын болсаңыздар, Алланың қалауымен, сіздердің қажылықтарыңызды Алла Тағала қабыл етеді.
1. Үнемі өз ниетіңізді бақылап жүріңіз. Ниетіңіз шынайы әрі тек Алла үшін болуы керек.
2. Қажылыққа жұмсалатын қаржыңыз тек рұқсат етілген жолмен табылғандығына сенімді болуыңыз тиіс.
3. Қажылыққа кетердің алдында, қарыздарыңызды қайтарып, өзіңіз ренжітіп алған адамардан кешірім сұрап алыңыз.
4. Қажылықтың ережелерімен танысып, оның рәсімдерін үйреніңіз.
5. Сіз қажылықта жүргенде отбасы мүшелеріңіз мұқтаж болмайтындай, олардың жағдайын жасап кетіңіз.
6. Өзгелердің алдындағы міндеттеріңіз бен олардың орындалу тәсілдерін ескере отырып өсиет қалдырыңыз.
7. Отбасыңыздың мүшелеріне Алла Тағаланы естерінен шығармай, Оның хақ жолын ұстануға кеңес беріңіз.
8. Қажылыққа өзіңіз білетін әрі тақуа адамдармен бірге аттаныңыз.
9. Алла Тағаланы үнемі есіңізде ұстаңыз.
10. Сапар барысында сабырлық пен төзімділік танытыңыз.
11. Жүрегіңіздің Аллаға және Оның Елшісіне (ﷺ) деген шынайы сүйіспеншілікке толы екендігіне сенімді болыңыз.
12. Қажылықтың терең мән-мағынасына үңіліп, қастерлей біліңіз.
13. Уақытты саналы да, даналы түрде пайдаланыңыз. Қажылық — әлеуметтік желілерде отырып, сериал көретін уақыт емес.
asyldin.kz