«Мен дінсіздерден де нашар өмір кештім...»

«Мен дінсіздерден де нашар өмір кештім...»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сіздерге өмірде адасқан бір қыздың оқиғасын айтып бергім келеді. Ол өмірінде жасамаған жиіркенішті нәрселері қалмағанын өзі де мойындайды. Ата-анасынан бөлек тұрған төрт жыл ішінде жасамаған күнәлі істері қалмаған екен. Бәрі оның музыкаға әуестігінен басталыпты, ал өзі болса былай әңгімелейді: «Менің музыкаға құмарланғаным сонша — онсыз өмір сүре алмайтын халге жеттім. Музыканы күнделікті қатарынан алты, жеті немесе сегіз сағат тыңдайтынмын. Әр кез құлаққапты шешкенімде, өзімді есімнен ауысқандай сезінетін едім». Сыныптастарының бірі оны «шөп» шегуге үйретеді. Кейін келе есірткі қолдануға кірісіп, көп ұзамай оған тәуелді болып қалады. Мұнысын ата-анасы байқап қалады. Әлгі қыз ата-анасымен бірге тұрғысы келмейді де үйден кетіп қалады. Әлеуметтік  қызмет өкілдері оған тұратын жер тауып береді, ақша төлейді. Осылайша, ол мектепті де тастап кетеді. 

«Мен дінсіздерден де нашар өмір кештім», - дейді ол. Зина, есірткі, ішімдік — оның өмірінің бір бөлігіне айналады. Тыйым салынған нәрселердің бәрінің дәмін татып көріп болып, «Бір күні таңертең тұрып, мен өзіме жетер дедім. Мүмкін анам мен әкем мен үшін дұға қылған шығар», - деп ол есіне алады. Қайтадан ата-анасының үйіне қайтып оралуға шешім қабылдайды. Үйіне келіп анасын құшағына алып сүйіп: «Алла мені жөнге салды», - деп үйге оралғандығын айтады. Негізі, ол Алла Тағала оны жөнге салады деп ешқашан ойламаған, бірақ бұл ата-анасының дұғасымен ғана болған жайт деп санайды. Ата-анасы өз қыздары үшін дұға жасауларын үзбегендігін айтқан. 

Өз күнәларыңызға қарамастан, намаз оқуыңызды жалғастырып жүргеніңізді, мүмкін сіздің жаман қылықтарыңызды білетін достарыңыз сізді екіжүзді әрі өтірікші деп санайтын шығар. Нендей жағдай болса да намазды тастамаңыз. Адамдар ала көзімен қарайтын болады, себебі сіз күнә жасап жүрсіз, бірақ берілмеңіз, Алладан сізді жөнге салуын сұраңыз. Адасып, жаман жолға түсіп жүрген балалары үшін дұға жасайтын ата-аналар бар, дәлірегінде, Алланың қалауымен ата-ананың дұғалары оларды қолдап-қорғап жүреді. Күнәға толы өмір сүріп жүргенде, жөн сілтеуге деген сағыныш нышаны құдды бір жарқыраған сәуледей болып көрінеді. «Әулие мен күнәһардың арасында жалғыз-ақ айырмашылық бар, ол — әрбір әулиенің өткені болғандай, әрбір күнәһардың келешегі бар».   

Талдан түскен жапырақты, аққан суды, таусылған демді немесе әрбір басталған өмірді Алла біледі. Алла әрқашан бізбен бірге, Ол біздің Тозақ Отына түсуімізді қаламайды. Алла Тағала — Рахман әрі Рахим, Қайырымды әрі Мейірімді, Ол бізге жақсылық тілейді әрі біздің Жұмақта болуымызды қалайды.  Ол үшін біз Оған иман келтіріп, Оған бойұсынып, Одан күш пен жөн сілтеуін сұрауымыз керек. Тірі кезімізде Аллаға иман келтіруге әрі түзелуімізге көп мүмкіндік бар. Сол мүмкіндігімізді жіберіп алмайық. Алланың көмегіне деген сенім мен үмітімізді ешқашан жоғалтпайық...

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: