Меркі ауданы: «Өнер қырандары» театыры Меркі өңірінде

Меркі ауданы: «Өнер қырандары» театыры Меркі өңірінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының арнайы шақыртуымен аудандық Мәдениет үйінде «Мейірімділік елшісі Мұхаммед ﷺ» атты рухани мәуліт кеші өтті. 

Кешке Жамбыл облысының өкіл имамы Бейбіт Әліпбекұлы және «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы қатысып, жиналған халықты Мәуліт айымен құттықтап, Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірінен уағыз айтты. Мәуліт кешіне Меркі ауданы тұрғындары және зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, мешіт жамағаты мен имамдар қатысты.

Мәулітке арналған мерекелік шарада «Өнер қырандары» театры ұжымы сахналық қойылымдар қойып, халыққа рухани өнеге сыйлап т.б. мәнді дүниелер баяндады. «Өнер қырандары» театры осы жобасы арқылы Мәуліт айында асыл дініміз Исламның рухани құндылықтарын, халқымыздың салт-дәстүрін насихаттап, жастарды отансүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеп келеді. Сонымен қатар Қанатбек Полатбек және Ринат Төре сынды эстрада әншілері иләһи әндер орындап, пайғамбарға деген сағыныштарын әнмен жеткізді.

Рухани кеште көрермендерге «Намаз оқып үйренейік» және «Пайғамбарымыздың тағы және кешкі дұғалары» атты кітаптар тегін таратылды.

Рухани кеш соңында халық ақсақалдары мен ақжаулықты аналарымыз «Өнер қырандары» театр ұжымына алғыстарын білдіріп, баталарын берді.

Азамат Берікұлы «Өнер қырандары» ұжымына арнайы дастархан жайдырып, ұжым басшысы Мадияр Серікбаевқа шапан жауып, ұжым құрамына арнайы сыйлықтар табыстады. Ұжымда өздерінің көрегендерігін көрсетіп Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлына арнайы тігілген шапан жауып құрметтерін көрсетті.

Шараның басты мақсаты – пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айтып, оның асыл қасиеттерін дәріптеп, халық арасында имандылықты насихаттай отырып, тұрақтылық пен тыныштыққа үндеу болып табылады.

Мәуліт айы - екі дүниенің сардары Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) - ның дүниеге келген айы. Мәуліт айын мерекелеу арқылы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелерін болашақ ұрпаққа насихаттап, Ислам дінінің қадір-қасиетін түсіндіруде маңызы зор.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: