Облыстық мешітте Мәуліт оқылды

Облыстық мешітте Мәуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мүбәрак Мәуліт айы басталғалы бері елімізде, жалпы мұсылмандықты ұстанатын мемлекеттерде Алланың сүйікті құлы, ақырғы Елшісі әрі Пайғамбары болған Мұхаммед Мұстафаға (с.а.у.) арнап арнайы  Мәуліт дұғасы оқылып, түрлі игі іс-шаралар атқарылып жатыр.

Бүгін мұндай игі шара Жамбыл облысында да орын алып, қасиетті  жұма күні облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде өткен жұма намазынан соң адамзаттың  асыл тәжі, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) құрметіне арнап мәуліт оқылды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған қарилар Қасымжан Бектаев, Әлімұхаммед Егізбаев, Иманәлі Бейбітұлы  ақыретте мұсылмандардың шапағатшысы болатын Мұхаммед (с.а.у.)  Пайғамбарымызға арнап, салауат, мадақ жырын, Мәуліт дұғасын оқыды.

Ал жұма намазына жиналған мешіт жамағаты әлемге рақым етіп жіберілген нұрлы Пайғамбарымызға (с.а.у.)  бірігіп салауаттар айтты.

Мешіт ауласында фуршет дастарханы жайлып, жұмаға келген халық құрмадан, тәттілер мен тәтті нандардан ауыз тиді. 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: