Меркі ауданы: «Мейірімділік елшісі Мұхаммед» атты рухани мәуліт кеші өтті

Меркі ауданы: «Мейірімділік елшісі Мұхаммед» атты рухани мәуліт кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде  сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген айына орай, Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен өткен «Мейірімділік елшісі – Мұхаммед» атты рухани мәуліт кешінде Мәуліт жыры оқылып, салауат айтылды.

Пайғамбарымызға арналған салауат жырларын көрермен көпшілік қауым қосылып айтып, зал ішін рухани әуезді әуен тербеді. Игі шараға ауданға қарасты мешіт жамағаттары қатысты.

Шара барысында сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір баяны туралы уағыз айтылып, соңында Құран бағышталып, Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы арнайы елдің амандығы мен жұртымыздың тыныштығы үшін дұға етті.

Айта кетсек, Меркі ауданы бойынша 5 мешітте Мәуліт мерекесіне орай арнайы дастарқан жайылып, жамағатқа ас берілді. Және арнайы аудан имамының шақыртуымен қазан айының 11 жұлдызы «Өнер қырандары» театыры «Мейірімді Мұхаммед» атты рухани кешін өткізеді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: