#Шу: Мектеп оқушыларымен діни кездесу өтті

#Шу: Мектеп оқушыларымен діни кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Шу ауданы Алға ауылы, "Аманкелді" орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен алқалы жиын өтті. Аталмыш жиында "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы және "Аманкелді" мешітінің имамы Әбубәкір Абдрайымов жастарға насихат айтты.

"Кері тартпа ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізген дін мамандары оқушылардың көкейлеріндегі сауалдарына жауаптар беріп, тәпшілеп дәлелдер келтірді. 

Теріс ағымдардың түрлеріне, ұстанымдарына тоқталып өтіп, ата-бабамыз ұстанып келе жатқан ислам дінінің талаптарын жеткізді. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: