#Шу: Теріс ағымға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

#Шу: Теріс ағымға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АТТ мүшесі, Шу ауданы "Әбу Бәкір Ас-Сыддық" мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов М.Әуэзов мектебінің жоғарғы сынып оқышыларымен дидарласты. 

Білікті имам теріс ағымдарға қарсы иммунитет қалыптасыру керектігі туралы түсіндіріп өтті. Теріс бағытқа қосылып кетпес үшін білімнің болуы керек. Ал білімді кез келген ерден алуға болмайды. Оны арнайы ҚМДБ ұстаздарынан, мешіт имамдарынан алу керек екенін тілге тиек етті. 

Имам теріс ағымда кетудің бірнеше себебі бар екенін, оның басында білімсіздік тұраты­нын айтты.

«Кейбір кісі­лер шын мәнінде ақиқатты білейін, дінді үйренейін деп жүріп теріс ағымдағылардың қатарына қосылып кетеді. Бірақ оны өзі білмейді. Бұған себеп – діни білімді дұрыс алмау. Мешіт, медресе сияқты арнайы орындарда емес, пәтер­лерде, жер­төлелерде тәлім алып, сөйтіп теріс ағымға түсіп кеткендер көп. Одан ке­йін интернет, әлеуметтік желі­лер бар. Бір адамның тү­рін көрмей, оның кім еке­нін білмей жатып, оның уағы­зын тыңдап, жат ағымға шыр­малып жатқандар да жетер­лік" - дейді имам.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: