#Шу тұрғындары Қостанайға көмек жөнелтті

#Шу тұрғындары Қостанайға көмек жөнелтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ел басына күн туса, алыспай-біріспей, қолдан келгенше көмегін көрсетпей жай қарап қоймайтын еліміз. Қостанайдағы алып өрттен зардап шеккен отандастарымыз үшін Шу ауданының тұрғындары да көмекке белсене ат салысып, қолында барын бөліп берді. 

"Ж.Жексенбай" мешіті Қостанайлықтарға "Қарлығаштай" көмегіміз ұранымен 2 кілем, 1 қап картоп, 4 қап пияз, 5 жамылғы көрпе, 3 төр көрпе, 10 одеяло, 2 қап простыня,  көрпе қап, тондар, жылы киімдер, қыстық басқа да бұйымдар, өзімде киер едім деген жақсы киім-кешектер және 3 қорап ыдыс-аяқ, қорап-қорап алма жөнелтті.

Айта кетейік, аталған дүниелерді қарапайым тұрғындар жинап, мешітке өткізді. Ал мешіт имамдарды аманатты тиісті мекенге жүктеп, жеткізуге жіберді. Өзі мұқтаж бола тұра отандасына бөліскен жомарт жандардың ісі көпшілікке үлгі. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: