#Шу: "Кәрібай молда" мешітінде күнделікті уағыз жалғасуда

#Шу: "Кәрібай молда" мешітінде күнделікті уағыз жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Кәрібай молда" мешітінде күнделікті құптан намазының алдында өтетін имам Нұрлан Қалиевтың уағызы жалғасын тауып келеді. Білікті маманның әсерлі уағызына күнде жиналатын жамағат, өздерінің біраз мағұлматқа қанық болғандарын жеткізді.

Аталған уағыздар 30 тамыз күні пайғамбар сирасынан "Пайғамбармыздың Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеге келуі"; ал 31 тамызда  "Пайғамбарымыздың сүт анасы Халиманың қолында тәрбиеленуі" туралы; 1 қыркүйекте "Пайғамбарымыздың Әмина анасының дүниеден өтуі"; 3 қыркүйекте "Пайғамбарымыздың атасы Әбдүмуталибтің қамқорлығы", "Немере ағасы Әбу Талибтин қамқорлығы", "Шам сапары және диндар Бахира" жайлы айтылды. 

Үміті мен күдігі таласқан аптаның 4 қыркүйегінде "Шамға екінші рет сапарға шығуы", "Хадиша анамызбен алғаш кездесуі"; 5 қыркүйекте "Базардағы ант дінбар Настура"; 6 қыркүйегінде "Пайғамбарымыздың Хадишамен некелесуі" тақырыптарында уағыз айтылды. 

Мешітте игі насихат әлі де жалғасын табуда. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: