Көптеген мұсылман қыз-келіншектер исламофобияның құрбаны болмау үшін орамалдарын шешуге бекінсе, Австрияның Квинсленд штатының Рокгемптон қаласында тұратын мұсылман дәрігер Абдулла Гюль исламға жағылған қара күйе, дақпырт ақпараттармен күресу мақсатында шариғат шәлісін жамылып, исламофобиямен күресуде.
«Айналамдағы адамдар мені мұсылман ретінде қабылдағанын үнемі қалаушы едім. Бірақ, оған батылым жетпейтін», - дейді дәрігер «Mercury» апталық басылымына берген сұхбатында.
Абдулла Гюльдің хиджаб киюіне соңғы уақытта ислам атын жамылып, жазықсыз адамдарға түрлі зорлық-зомбылық көрсетіп жүрген адамдар мен топтардың ерсі әрекеті себеп болыпты. Осы арқылы ол айналасындағы адамдарға мұсылмандардың бейбітшілікті қолдайтын жандар екенін жеткізгісі келеді.
Мұсылман дәрігерді өзіне келген емделушілердің бұл жаңа образға қалай қарайтыны және олардың көңілінен шығу мәселесі алаңдатады екен.
«Адамдардың көпшілігі мұсылмандардың мейірімді және адал екенін олармен етене араласа отырып қана біледі, ал олар туралы жаман ойды бұқаралық ақпарат құралдары «ислам және терроризм» деген екі сөзді бір-бірімен байланыстырып көрсетіп, ислам дініне деген үрку, қорқу саясатын қалыптастырып отыр. Шын мәнінде екеуі екі түрлі ұғым емес пе?!», - деп түйіндеді сөзін Абдулла Гюль.
hibatulla.kz