Бангладештің Ғылым және телекоммуникация технологиясының бұрынғы министрі Абдул Сидике мұсылмандарды қорлағаны үшін бас бостандығынан айырылды.
Экс-министр, мұсылмандардың қажылық рәсімі Бангладеш елінің экономикасына кері әсерін тигізіп жатыр деген сөзі арқылы барша мұсылмандарды қорлаған.
«Қажылық кезінде жұмыс күші босқа шығындалады.
Екі миллионнан астам адам қажылық парызын өтеу үшін Сауд Арабиясы еліне кетіп, бұл ел экономикасына кері әсер етуде. Осы арқылы біз жұмыс күшімізден айырылып отырмыз», - дейді А.Сидике.
Ал, полиция қызметкерлері экс-министр Сидике үлкен көлемдегі кепілді төлеген кезде ғана бостандыққа шығуы мүмкін деп отыр.
hibatulla.kz