Британдық танымал The Daily Mail басылымы жүкті әйелдерге арналған әлемдегі ең үлкен «Babycentre» порталының мәліметтеріне сүйене отырып соңғы он екі жылда Ұлыбританияда туылған ер балаларға ең көп қойылған есім «Мұхаммед» есімі екенін жазды.
Мұхаммед есімі «тұманды Альбион» елінде жиі кездесетін ер адамдардың Джек, Оливер, Ной, Чарли, Гарри және Джеймс секілді есімдерін артта қалдырып, осы жылы көш бастап тұр.
«Дәстүр бойынша араб елдерінде отбасында дүниеге келген тұңғыш ер балаға Мұхаммед деп ат қояды. Ұлыбританияда сәбилерге мұсылман есімдерінің көптеп қойылып жүргені мұсылмандардың дәстүрі біздің елде де танымал бола бастағанынан хабар береді» – деп жазады «The Mirror» сайтының шеф-редакторы Сару Рэдшоу (Sarah Redshaw).
Британияда сонымен қатар, Мұхаммед есімінен бөлек, Омар, Әли және Ибрагим сынды араб есімдері де жиі қойылады екен.
hibatulla.kz