Кениялық әйелдер киім таңдау құқығы үшін шеруге шықты

Кениялық әйелдер киім таңдау құқығы үшін шеруге шықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кения астанасы Найробиде жүздеген әйел өздерінің қалауынша киіну құқығын қорғау мақсатында шеруге қатысты, деп мәлімдеді ВВС.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Шараның өтуіне өткен аптада болған оқиға түрткі болған. Онда бірнеше ер адам автобус аялдамасында тұрған әйелдің юбкасы тым қысқа деп оның киімін жыртқан.

Бұл көрініс бейнеленген видео ғаламторда жарияланды. Шеруге қатысушылар оқиға орын алған автобус аялдамасына гүл шоқтарын қойып, кейін Кенияның Жоғарғы соты ғимаратының алдында шеру ұйымдастырған.

Куәгерлердің айтуынша, бір топ ер адам акцияның өткізілуіне кедергі жасамақ болған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: