Қытайдың солтүстік-батысындағы халал азық-түлік өнімдерін шығарушы компаниялар бүкіл әлемге өздерінің халал азық-түліктерін таратқысы келеді.
Осындай компаниялардың бірі болып табылатын Jingyitai мекемесінің бас менеджері хабарлағандай, олар халал өнім шығаратын зауыттарды Біріккен Араб Әмірлігінде, Дубайда салу жоспарлары бар екенін айтты.
Егер, бұл жоспар іске асса, Jingyitai компаниясы Қытайдан шыққан халал азық-түлік өнімін араб еліне инвестициялаған ең алғашқы қытайлық компания болмақ.
Бұл іске қатысты туындап отырған үлкен мәселенің бірі халқының көпшілігі мұсылман емес халықтантан құралған Қытай елінің араб елінен халал сертификаты мен сенімін алу болып отыр.
Мамандардың айтуынша, қытайлық халал азық-түлік өндіруші компаниялар нарықта негізінен шағын және орта кәсіпкерлік болып табылатындықтан, халықаралық саудада экономикалық бәсекелестік тарапынан біршама қиындықтар туғызуы мүмкін дейді мамандар.
hibatulla.kz