NASA ғарыш агенттігі жер шарын 6 тәулік бойы қара түнек басатынын жариялады

NASA ғарыш агенттігі жер шарын 6 тәулік бойы қара түнек басатынын жариялады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы жылдың желтоқсан айының 16-сы мен 22-сі аралығында Жер шарын 6 тәулік бойы қара түнек басады. Мұндай мәліметті NASA ғарыш агенттігі жариялады деп жазады Алаш айнасы.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, 16-сы мен 22-сі аралығында Жер шарында соңғы үш ғасырда болмаған аса күшті магниттік дауыл тұрады. Бұл аномалді құбылыс кезінде күн сәулесі 90 пайызға тосылады.

Магниттік дауыл Күн бетіндегі AR2192 дағынан плазма атқылауы салдарынан орын алады. Дәл осы құбылыс ғалымдарды алаңдатып отыр. Өйткені соңғы кезде бұл құбылыс жиі қайталануда.

Мамандардың айтуына қарағанда 16-мен 22-сі аралығында бүкіл жер шарында "Солтүстік шұғыла" (Северное сияние) байқалатын болады. Аспан әртүрлі түске енеді. Адамзат баласы осы уақыт аралығында ұзақ жылдар болмаған түсініксіз ұзақ түнді бастан кешеді.

Осы күндері жарық және байланыс желілерінде іркіліс болуы ықтимал. NASA ғарыш агенттігі басшысы Чарльз Болденді "мұндай мәліметті жалпы жұртқа тарату керек пе жоқ па?" деген сауал біраз ойландырған көрінеді. Өйткені, мұндай мәлімет халық арасында дүрбелең тудыруы мүмкін.

Десе де, базбір әріптестерінің қарсылығына қарамастан Болден бұл мәліметті тарату дұрыс деп шешкен. Оның пайымдауынша, ондай мәліметті жасыру дұрыс емес. Керісінше халықты хабардар етіп, түсінік беріп, сабырға шақырған жөн. Мұндай мәліметті ашық айтқаннан гөрі оны жасырудың кесірі көп болуы мүмкін.

"Алаңдауға еш негіз жоқ. Бұл Күннің, Айдың тұтылуы сияқты, дағдылы астрономиялық құбылыс. Тек бұл жағдайда қараңғылық алты күнге созылады" дейді Болден. Белгілі болғандай, соңғы үш аптада Күн бетінде түсініксіз жағдайлар орын алды. 16-30 қазан аралығында орын алған жарқылдың саны рекордтық көрсеткішке жетті. Олардың барлығы да орта және жоғарғы класты. Өткен аптада орын алған Х класты жарқыл NASA ғарыш агенттігінің екі спутнигін істен шығарды. Сөз соңында маман "мұндай жағдай бола ма, болмай ма оны уақыт көрсетеді, дегенмен май шамды қамдап қою артық болмайды" дейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: