Намаз оқып, бірақ Алланың өзге бұйырғандарын орындамағандар Жұмаққа кіре ме?

Намаз оқып, бірақ Алланың өзге бұйырғандарын орындамағандар Жұмаққа кіре ме?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біріншіден, біздің асыл дініміз Исламның 5 шарты бар екенін мүміндер біледі және әрбір мұсылман баласы соған иман келтіріп, орындауы тиіс. Бұл шарттар:

Шәһадат айту – Алладан басқа құдайдың жоқ екендігіне, Мұхаммед - Оның құлы әрі Елшісі екендігіне куәлік беру;

Намаз – күнделікті бес уақыт орындалатын құлшылық;

Зекет – бай болып саналатындар өз мал-мүлкінің белгілі бір мөлшерін жыл сайын мұқтаж жандарға беруі;

Ораза – жыл сайын қасиетті Рамазан айында ораза ұстау;

Қажылық – жағдайы бар адамның өмірінде бір рет қажылыққа баруы. 

Бұл шарттар үйдің іргетасы іспетті, егер аталмыш шарттардың біреуі орындалмайтын болса, онда үйдің, яғни, иманның негізі берік болмайды.
Екіншіден, Алла Тағаланың заңы осы шарттарды ұстауға үндейді, ал біз өз таңдауымыз бойынша орындай алмаймыз. Жағдайы бар адамдарға зекет пен қажылық парыз етілгендей, дені сау адамдардың бәріне Рамазан айында ораза ұстау парыз етілген, біз бұларды айналып өте алмаймыз. Біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) өзі де бәрін тиісінше орындап, осыған өзгелерді үйреткен болатын.

Адам баласының намаз оқып жүргенінің өзі үлкен артықшылық болып табылады, өйткені намаз оқымау – ең үлкен күнәлардың бірі болып саналады. Уақыт өте келе намаз оқитын адам біртіндеп иманын нығайта түсетін болады.

Жұмаққа кірудің алғашқы шарты иманның болуы болып табылады. Иісі мұсылман баласының соңғы мекені – оның жасаған амалдарына байланысты болмақ. Егер жақсы амалдары артып түсер болса, онда Алланың қалауымен пенде Жұмақтық болады, ал егер жаман амалдары көп болса, онда адам жасаған күнәларына сай азапқа тартылып, содан кейін Алла тарапынан кешірімге ие болып, Жұмаққа кіруі мүмкін. Бұл тек Алла Тағалаға ғана аян.

Ақиретте жақсы амалдар мен күнәлар таразыланып, нәтижесінде пенденің мәңгілік орны анықталатын болады. Міне, сол себепті де адам баласының жасаған барлық әрекеті оның амал дәптеріне жазылып отырады. Таразылау туралы Қасиетті Құранда былай айтылған:
«Ол күнгі таразылау шындық. Сонда кімнің таразысы (жақсылықта) ауыр тартса, міне солар құтылушылар» (7:8).

Сыйлық берудегі әділеттік туралы былай айтылған:
«Негізінен Алла (Т.), тозаң түйірінің салмағындай да әділсіздік етпейді. Егер бір жақсылық болса, оны неше есе арттырады әрі өз жанынан да ірі сыйлық береді» (4:40).
Қиямет күні адамдардың барлық амалдары таразы табақшасына салынғанда тозаңның түйіріндей де әділетсіздік орын алмайды. Бқл жөнінде жоғарыда келтірілген аятта айтылған, алайда бұл таразының «даналығын» айтып жеткізу мүмкін емес әрі таразылаудың қалай өткізілетіні бізге толықтай белгілі емес.

Шүбәсіз, Алла Тағалаға адамдардың жасайтын күллі амалдары аян. Дегенмен, Алла Мейірімді әрі пенделерінің қателіктерін кешіре алады. Біздің Пайғамбарымыз (ﷺ) жасағандай біз де Алла Тағлаға дұға жасауымыз керек. Алла Елшісі (ﷺ) адам баласына өз амалдары үшін жауап берудің оңай болмайтынын ескертіп, мынадай дұға айтатын болған: «Уа, Алла! Өз амалдарым туралы есеп беруімді жеңілдете гөр».

Бұл жөнінде хадистерде келтірілген: «Күллі адамзат баласы өз амалдарына есеп беретін күні, адам күнәсінің кешірілуіне мұқтаж болады. Егер Алла Тағала адамға кешірім етпесе, оның жағдайы қиын болмақ» (Муснад, 6/48).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: