Әрбір әкенің баласына үйретуі тиіс 8 амалы

Әрбір әкенің баласына үйретуі тиіс 8 амалы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әрбір баланың өмірі мен тәрбиесінде аналардың атқарар рөлі өте маңызды, алайда бала тәрбиесінде, әсіресе, ұл баланы тәрбиелеуде, әкелердің ғана қолынан келетін дүниелер аз емес. 

Өздеріңіз ойлап көріңіздерші: ұл балабақшаға барғанда әйел-тәрбиешілердің қарауында болады, одан кейін мұғалімдердің 90% қыз-келіншектерден тұратын мектепте оқиды.  Бала өмірінің жартысынан көбі әйел адамдардың ортасында өтеді, осылайша, ер адам тәрбиесінен шектеп қалып жатады.

Сіздерге өз баласына тек әкесі ғана бере алатын 8 амал жөнінде айтып беруге бел буып отырмыз.

1. Жеңу әрі жеңіле білу маңыздылығын түсіндіру.

Әртүрлі жарыстар мен ойындарда баланың қасында достарынан басқа оған ең жақын кімнің болғаны дұрыс? Әрине, оның әкесі. Осындай ойындар мен жарыстар арқылы бала жеңістің дәмін сезініп әрі сол жеңіске жету үшін қалай тер төгу керек екендігін түсінеді. Жалпы, мұндай жарыстар баланың еркектік қасиеттерін шыңдайтын тәрбиенің жақсы бір түрі.

Ал мұндай ойындар әкелер үшін балаларына жеңіліс тапқан кезде өзін қалай ұстау керектігін түсіндірудің ең жақсы мүмкіндігі. Егер ойын не жарыс кезінде бала құлап қалатын болса, қайтадан тұрып, ойынды ары қарай жалғастыру керектігін, ал сәтсіздікке ұшырап жеңілуде тұрған еш ұят нәрсе жоқ екендігін баласына жеткізе білу.

 

2. Әйел адамдарға қатысты жақсы қарым-қатынаста болуды үйрету

Aнасы да өз ұлына әйел адамдарға қандай қарым-қатынас жасау керек екендігін айта алады, бірақ тек әке ғана мұны ұлына өзінің жеке үлгі-өнегесімен көрсете алады. Әйел адамдарға қатысты ең маңызды дүниелерді ұлының өз әкесінен біліп-үйренгені өте орынды. Достарынан емес, ғаламтор арқылы емес, тек әкесінен білуі - аса маңызды. Мысалы, оның анасына гүл алуға барғанда ұлыңызды қасыңызға ертіп алыңыз. Дүкенге бірге барыңыздар, сатушымен сыпайы сөйлесіңіз, сонда сіздің ұлыңыз да өзіне таныс емес әйел адаммен сөйлескенде қобалжымайтын болады. Міне, осыны үйретуіңіз керек.

 

3. Махаббат жөнінде көзбе-көз ашық сөйлесу

Бұл бөлім алдыңғы айтылғанның жалғасы болып табылады. Уақыты келгенде өз ұлыңызбен ұлы сезім төңірегінде ашық әңгіме өрбітіңіз. Жеткіншек үшін әкесінің алғашқы махаббаты, оның бірінші кездесуі туралы айтып бергенінен өткен жақсы дүние болмайды,  бастысы, жүрек ісінде ұлыңызға еш асықпауды баса айтыңыз, өйткені  жақсы қызды кездестіргенде, оның жүрегінде ұшқын пайда болатын кезді күту керектігін де айтып өткен жөн. Осындай жүрекжарды әңгімелесулер өзара сенім тудыруда өте пайдалы болып табылады.

 

4. Тойтарыс беруге үйрету

Ұлының мықты да шымыр болып өсуіне әрі өзі үшін тұра алуына және ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін үйретуде әкенің орны бөлек. Қай кезде арандатушы адамға көңіл аудармай, кетіп қалуды не болмаса жәбірлеушіні маңайына қалай жолатпай қою керек екендігін әке ғана үйрете алады.

Әке ғана ұлына өз өнегесімен адамдарға мейірбан болуды үйрете алады. Ең бастысы, мейірбан болу – әлсіздікті білдірмейтіндігін түсіндіру.

 

5. Өмірде өз көзқарасын табуға көмектесу

Бұл жағдайда ерекше бір нәрсе жасаудың еш қажеті жоқ. Әрдайым оның қасынан табылып, уақытлы ұлыңызбен сөйлесіп тұру. Өз талаптары мен үміттері бар анасынан басқа өзінің ерекше тәсілдемелері бар өзге адамның да бар екені бала үшін түсінуі тиіс дүние.

Әрине, бала тәрбиесінде ата-ана бір ұстанымда болулары қажет. Бірақ дүниетанымға қатысты олардың пәлсапалары әртүрлі болады. Алайда бұл өте орынды нәрсе.  Әкесінің көмегімен бала бір құбылыстың өзінде бірнеше көзқарастың болатындығын көреді, біледі және өз көзқарасының арқасында талдау жасауға үйренеді.

 

6. Баланың алған әсерін жаңа сезімдермен толтыру

Барлық нәрсе баланың сәби күнінен-ақ басталады. Тіпті 6 айлық кезінде-ақ сәби ер адам мен әйел адамның өзіне қатысты сүйіспеншіліктерін әртүрлі жолмен білдіретіндігін сезеді. Мәпелеп, аймалайтын анасына қарағанда әкесі айналдырып, лақтырып қайтадан қағып алу сияқты белсенді ойындар ойнатуды қалайды.  Әдетте аналары осындай ойындарға үнсіз қорқынышпен ғана қарап тұрса, бірақ сәби көріп-сезгенінен мәз болып, маңайындағылардан жаңа әсер алып тұрады.

 

7. Балаңызға еркектерге тән әдіс-айлаларды үйретіңіз

Әйел адамдарға бір сиқырлы дүние сияқты болып көрінетін дүниелерді еркектер оп-оңай жасай алады, мысалы,  от жағу, шеге қағу, машина жөндеу және т.б. Тіпті сіздің балаңыз қалада туып, қалада өскен болса да, күмәнсіз, оған от жаға білуді үйрету керек, келешекте қақтаманы жаға алуы үшін.  Қандай ортада болмасын, ұлыңыздың қолынан бал тамып тұрған шебер болмаса да өздігінен шеге қағып, от жаға алуы -  ұлыңыздың беделін достарының көзінше арттырып тастайтын болады.

 

8. Үйде жасалар міндеттерін үйретуге көмектесу

Әрине, бұл өздігінен галстук тағу, қырыну және өз киімдерін үтіктеу.  Дегенмен, қазіргі таңда ғаламтордан барлық сұрақтардың жауабын тауып алуға болады, бірақ, есіңізде болсын, осының бәрін әкеңізден үйреніп-білген өте жақсы болар еді. Және, тағы бір айта кететін жайт, ер адамдардың да тамақ жасай алатындығын әкеңіздің тамақ жасауынан көресіз. Сондай керемет етіп жасамаса да, әйтеуір аштан өлмес үшін тамақ әзірлей алу да шеберлікке жататыны рас.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: