1.Ақшәмседдин: Пастерден 400 жыл бұрын микробты тапқан.
2.Әли Құсшы: Астрономия саласының ұлы ғалымы. Айдың формалары туралы алғашқы еңбекті жазған.
3.Әбіл Уәфа: Тригонометриядағы тангенс, котангенс, секанс, тапқан ірі ғалым.
4.Бируны: Жердің айланатынын тұңғыш дәлелдеген ғалым.
5.Әбу Кәміл Шужа: Еуропаға математиканы үйреткен ғалым.
6.Әбу Мағшар: мұхит суының тартылуын ашқан ғалым.
7.Баттани: жиһандағы ең ұлы тапқырдың бірі, тригонометрияға сіңірген еңбегі ересен.
8. Жәбір бин Хайян: атом бомбасы туралы алғаш рет айтқан, химия ғылымының атасы.
9.Жазари: 8 ғасыр бұрын автоматты жүйелерді тапқан, сөйтіп компютерге апарған жолды ашқан ғалым.
10.Дамири: Еуропалықтардан 400 жыл бұрын зоология энциклопедиясын жазған ғалым.
11.Фараби: Дауыстың не екенін алғашқы болып физика заңдарымен айшықтаған ғалым, дауыстың физигі.
12.Ғиясуддин Жәмшид: Математикадағы ондық көбейту жүйесін бірінші тапқан ғалым.
13.Ибн Жассар: Алапес ауруының себебін тауып, осыдан 900 жыл бұрын емдеген ғалым.
14.Ибн Хатиб: Оба ауруының жұқпалы ауру екенін ғылыми тұғыдан дәлелдеген ғалым.
15.Ибн Фирнас: Wright бауырлардан мың жыл бұрын тұңғыш ұшақты жасап, ұшқан ғалым.
16.Ибн Карака: 900 жыл бұрын токарь станогын жасаған ғалым.
17.Ибн Түрік: Алгебра саласының негізін қалаушылардың бірі.
18.Идриси: Жеті ғасыр бұрын осы күнгі әлем картасына ұқсас картаны жасаған картограф.
19.Ибн Сина: Кітаптары Еуропа университеттерінде 600 жыл оқулық ретінде пайдаланылған ұлы ғалым, медицинаның атасы. Еуропалықтар оны Авиценна деген.
20.Қазызада Руми: Өмір сүрген ғасырындағы ең ұлы математик және астрономия ғалымы. Физика заңдарын астрономиямен ұштастырды.
21.Бүкір Уәсим: Тюберкулоз микробын R.Koch мырзадан 150 жыл бұрын тапқан.
22.Ибнун Нәфис: Еуропалықтардан үш ғасыр бұрын денедегі кіші қан айланымын тапты.
23.Піри Райыс: Осыдан 400 жыл бұрын осы күнгіге ең ұқсас әлем картасын жасаған теңізші.
Профессор Фуат Сезгин
Prof. Dr. Fuat Sezgin"
һәшия: Жоғарыда есімдері аталған, әлемдік өркениеттің дамуына шексіз үлес қосқан ғалымдардың көбінің ажалы көрсоқыр ұрдажық дінкештердің қолынан болғаны өкінішті. Төрт ғасырға жуық мұсылман елдерін дамытқан, өсірген осы ғалымдар, бұлардан басқа жүздеген, мыңдаған ғалым тағы бар. Схоластикалық догматизм жеңіске жетіп, ғылыми эмпиризм мен рационалды ойлау күстәлана бастаған соң осындай ғалымдардың көбін "кәпір", "діннен шыққан", "адасқан" тб деп айыптап, құрдмға жіберген, қудалаған, түбіне жеткен керітартпа дінкештер. Сөйтіп, мұсылман елдерінің жарқын өркениеті де осы ғалымдармен бірге көзден ғайып болды. Бұлар неге насихатталмайды?!? Ғалым дегенде неге тек қана намаз бен оразаның шарттарын жазған молдалар еске түседі?? Мұсылман халықтар қашан оянады?!?
Мұртаза ЖҮНІСҰЛЫ
mazhab.kz