Ислам бойынша тамақ ішудің әдебі

Ислам бойынша тамақ ішудің әдебі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біздің асыл дініміз Ислам бізді намаз оқуға, қоршаған адамдармен қалай қарым-қатынас жасау, мешітке қалай бару керектігін ғана үйретіп қоймайды, сонымен қатар, тамақ ішу кезінде нақты қағидаларды сақтауға үндейді.

Ислам бойынша ас ішу барысында тек өз алдынан ғана алып жеу керек, тек жеміс-жидктер болмаса. Осы тақырыпқа қатысты келесі хадис келтірілген.

Бір сахабаның айтуынша: «Бірде біз Пайғамбарымызбен (ﷺ) ортақ табақтан тамақ жеп отырғанбыз. Тамағымыз ет пен наннан және судан тұрған болатын. Мен табақтың әр шетінен шұқып жей бастадым. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Әй, Икрас! Табақтың бір шетінен ғана же, өйткені бұл ортақ ас қой», - деп айтты.

Астан кейін біз құрма жеуге кірістік, мен өз алдымнан ғана алып жей бастадым. Бұл жолы Пайғамбарымыз (ﷺ): «Сен қалағаныңды ала аласың, өйткені бұл ортақ ас емес, бөлек», - деп айтқан» (Тирмизи, «Ат’име», 41).

Көріп отырғанымыздай, Пайғамбарымыз (ﷺ) ас ішуде өзінің алдында тұрған тағамнан жеп бастаған. Ол (ﷺ) үстелдің басқа шетінде тұрған тағамға созылмаған, өзінің ізбасарларына алдымен тарелкенің шетінен бастап  жеуді ұсынған, тек содан кейін ғана: «Дәл осы жерде береке бар деп», - айтып тарелкенің ортасынан жей бастайтын болған.

Хадистердің бірінде былай айтылған: «Астың берекесі оның хақ ортасында болады, сол себепті асты ортасынан бастап жемеңдер» (Джам’уль Фаваид, 5/386; Таргиб және Тархиб, 4/356).

Ендеше, аталмыш риуаятта ас қабылдаудың мәдениеті келтірілген, яғни, асты өз алдынан жеп бастау ең жақсы әдеп болып саналады. Ал әртүрлі тағамдарға келер болсақ, онда өзіне ұнағанын алып жеуде тұрған еш әбестік жоқ.

Алайда егер адам өз қалауы бойынша қасындағы бауырларына жемістің жақсысын қалдырып, өзіне кішірегін немесе нашарлауын алар болса – бұл ізгілікті қылық болып саналады. Қасиетті Құранда мұндай амал былай сипатталады:

«…Сондай-ақ өздерінде таршылық бола тұра оларды өздерінен артық көреді. Әлде біреу сараңдықтан сақсынса, солар құтылушылар» (59:9).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: