Әлеуметтік желілерде адамдардың бір-бірімен сурет алмасуы ислам қағидасы бойынша рұқсат етілмейді. Осылай деп мәлімдеген Түркия дін істері басқармасы (Диянет) бұл мұсылманшылыққа жат әрекетке жатады.
«Өз суретін әлеуметтік желілерде жарнамалап, өзгелерге жеке өмірін жөн-жосықсыз жариялау Ислам шариғатына қайшы. Адамдар бұл мәселеге бей-жай қарамауы тиіс. Алла Тағаладан мұндай сипаттағы қателік, күнәлар үшін әрдайым дұғада болып, пайдалы іспен айналысуы қажет», - дейді Басқарма төрағасы.
«Әлбетте, ер адам да, әйел баласы да интернет желілерін қолдануға құқылы. Алайда, оның шариғат аясына сай шарттары бар», - дейді мамандар.
Диянет ислам шариғаты белгілеген тәртіппен өмір сүру әрбір мұсылман үшін маңызды болуы тиіс екенін баса айтты. Осылайша, интернеттің ағы мен қарасын ажыратқан бастама бүгінде Түркия дін қайраткерлері тарапынан үлкен қолдауға ие болды.