Түркия Президент Режеп Тайып Ердоған Америка құрлығын алғаш рет мұсылмандар ашқанын тағы да қайталады.
Бұған дейін Президент «Америка құрлығын алғаш рет мұсылмандар ашты» деп жұрттың назарын аударған болатын.
Анкарада 155 оқу орнын топтық ашу рәсіміне қатысқан Ердоған АҚШ туралы көзқарасын тағы бір рет паш етті, деп хабарлайды trt.net.tr.
«Бұл мен шығарып жүрген қауесет емес. Маған дейін де айтылып жүрді. Профессор Фуат Сезгиннің шығармасынан да кездестіруге болады», - деген Ердоған Түркия және әлемнің көптеген ғалымы мұны қолдағанын атап көрсетті.
Жастарды өзіне сенімді болуға шақырған Ердоған: «Біз тарихи қателіктерді түзетуді жалғастырамыз», - деді.