Египет прокуратурасы М.Мүрсиге өлім жазасын беруді сұрап отыр

Египет прокуратурасы М.Мүрсиге өлім жазасын беруді сұрап отыр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Египеттің бас прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Мұхаммед Мүрсиге өлім жазасын беруді сұрап отыр. Сонымен қатар, "Мұсылман бауырлар" қозғалысының 35 мүшесіне де жазаның ең жоғары түрін қолдану керек дейді олар. 

Сот отырысы кезінде сөз алған прокурор Мүрси мен оның жақтастарын тыңшылықпен айналысты деп айыптады. Оның айтуынша, айыпталып отырған азаматтар шетелге мемлекеттің құпия құжаттарын өткізген. Сонымен қатар, олар палестиндік "ХАМАС" тобымен бірігіп, Египеттегі жағдайды күшпен баспақ болған.


Ал, Мүрсидің өзі болса тағылған айыптардың барлығынан бас тартып отыр. Тіпті, алдағы сот отырыстарында адвокатсыз өзін қорғайтынын мәлімдеді.


Естеріңізге салайық, Мұхаммед Мүрси 2013 жылдың 3 шілдесінде тақтан тайдырылды. Тыңшылықтан бөлек оған полиция қызметкерлерін өлтіртті деген айып та қоса тағылып отыр.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: