Интернет желісіндегі тәртіпті қадағалаушы орган Иран үкіметіне Instagram желісін пайдалануды реттеу туралы жобаны ұсынды. Егер уәкілетті органның бұл жобасы қабыланбаған жағдайда ел тұрғындарының Instagram желісіне кіру мүмкіндігі болмайды.
Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
Иран билігі Ислам Республикасына пайдасынан зияны көп деген себеппен Twitter, Facebook және өзге де әлеуметтік желілерге жиі тұсау салып отырады. Өткен айда билік Тегеран жастарының ортақ ортасы Instagram желісін жауып тастаған еді.
Артынша бұл жастардың наразылық білдіріп, толқуына алып келді. Ал қыркүйек айында Сот Viber, Tango және WhatsApp секілді хат алмасатын қосымшаларға тыйым салу туралы қаулы да қабылдады.
Алайда бұл заң іске аспады. Иран басшысы Хасан Рухани бұқараға интернеттегі тыйымдарды көбейтпеуге уәде еткен де еді.
Алайда лауазымды қызметте отырған өзге де құзырлы орган иелері аталмыш мәселе бойынша қатаң шешімдер қабылдау үстінде.