Иран президенті Роухани 2014 жылғы жүз ойшылдар тізіміне енді

Иран президенті Роухани 2014 жылғы жүз ойшылдар тізіміне енді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Американдық Foreign Policy басылымы Иран президенті Хасан Роуханиді 2014 жылғы жүз ірі әлем ойшылдары тізіміне енгізді, деп хабарлады Иран телеграф агенттігінен сәрсенбі күні.

Иран басшысы "Шешім қабылдайтын тұлға" санатындағы 10 үздік мемлекеттік қайраткер қатарына енді Басылым сайтында жарияланған ақпаратқа сай, Хасан Роуханиға осындай атақ ел ішіндегі консервативтік бағыттағы саясаткерлер мен дінбасыларының қыспағына қарамай Теһранның ядролық бағдарлама мәселесі жөнінде белді батыс елдерімен ымыраға келуге деген тынымсыз әрекеттері үшін беріліп отыр.

Иран президентінің аты Италия үкіметінің басшысы Маттео Ренци және Германия канцлері Ангела Меркельмен қатар келіп отырғаны атап өтерлік жайт.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: