Біріккен Араб әмірліктерінің Шардж қаласында шахматтан Ислам мемлекеттерінің біріншілігі өтіп жатыр. Бұл турнирде Қазақстан намысын тек астаналық Динара Сәдуақасова қорғауда.
Шардж шаһарындағы турнирге соншалықты көп спортшы келмеген. Ерлер арасындағы сайыста 48, қыздар арасында 26 шахматшы бақ сынасып жатыр. Чемпионат 23 қарашаға дейін жалғасады. Қазіргі кезде алғашқы 4 тур аяқталды. Динараның еншісінде 3 ұпай бар.