Швейцария соты орамалға қатысты шешімін өзгертті

Швейцария соты орамалға қатысты шешімін өзгертті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Швейцарияның солтүстік-шығысында орналасқан Сент-Галлен қаласындағы мектептерде оқушы қыздардың орамал тағуына қарсы шешім қабылдаған сот бұл шешімін өзгертті.

Орамалға қатысты дау  оқу орындарының біріне орамал тағып келген 13 жасар қызды сабаққа кіргізбей қоюынан басталған болатын. 

13 жасар қыздың қорғаушысы келтірген Еуропа конвенциясы мен Швейцария заңнамасында  көрсетілгендей, бұл тиым адам құқықтарына қатысты әр азаматтың дін еркіндігіне шектеу қояды деген дәйектерін алға тартып,  Швейцария соты мектеп оқушысын сабаққа орамалмен кіргізбей қоюды негізсіз және заңсыз деп таныды.  

Сонымен қатар, «Ормал таққаннан ешкімге ешқандай зиян келмейді, орамал тағуға  тиым салу мұсылмандардың құқығын шектеу» - дейді сот. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: