Иранның Шираз қаласында орналасқан «Айналы мешіт» сырттай қарағанда кәдімгі мешіттерден еш ерекшеленбейді. Ал, мешітте ішіне кірсеңіз, ең озық үлгідегі ислами сәулет өнерін тамашалай аласыз. Әйнектердің, хрустальдардың көптеген кішкентай бөліктерімен және зерделенген күмістің әсерінен мешіт іші жарқырап тұрады. Бұл мешіт бір жағынан кесене болып табылатындықтан, мешіттің ішін суретке түсіруге тиым салынған. Десе де, бұл тиымға құлақ аспай, жасырын суретке түсіріп алушылар кездеседі.