Әл-Ақса мешітінде барлық адамдарға құлшылық жасауға рұқсат берілді

Әл-Ақса мешітінде барлық адамдарға құлшылық жасауға рұқсат берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітінде енді барлық жастағы мұсылмандар өз құлшылықтарын жасай алады. Ендігі уақытта ғибадатханаға кіруге қойылған жас шектеулері алынып тасталды, - деп хабарлайды «Интерфакс-религия».

Осы уақытқа дейін мешітке кіруге 50 жастан асқан  ерлерге ғана рұқсат беріліп келген  болатын. Әл-Ақса мешітінде енді барлық жастағы мұсылмандар өз құлшылықтарын жас ерекшеліктеріне қарамастан атқара алады деген  шешім қабылдауға Израильдің премьер министрі Биньямин Нетаньяхудың  Иордания патшасы Абдалло ІІ және  АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джонн Керримен жақында өткен кездесуі себеп болған деп хабарлануда. 

Мемлекеттік хатшы Джонн Керридің айтуынша, Шығыс Иерусалимдегі тұрақтылыққа қатысты кездесу сәтті өткен.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: