АҚШ-та ауы түсіп тұратын шалбар киюге тыйым салынды

АҚШ-та ауы түсіп тұратын шалбар киюге тыйым салынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АҚШ-та ер балаларға ауы түсіп тұратын шалбар киюге тыйым салынды. Иллинойс штатындағы Форест Грин қаласының басшылығы осындай шешім қабылдап отыр.

Бұл туралы BNews.lite хабарлайды.

Ендігі жерде, осы үлгідегі шалбар киген азаматтарға 750 доллар көлемінде айыппұл салынатын болады.

Ер балаларға қатысты жергілікті биліктің орнатқан тәртібіне полиция қызметкерлері жауап береді. Олар ұл балалардың осы тәртіпке бағынуын қадағалап отырады.

"Соңғы уақытта ауы түсіп тұратын шалбар киетін ер балаларға жұрт жиі наразылығын білдіріп жатады. Өзім де осы үлгідегі шалбар киген жастарды күнде көремін. Бұл сондай жиіркенішті. Қазіргі жастардың қылығын мүлдем түсінбеймін",- дейді қала мэрі Энтони Калдерон.

Дегенмен, қарапайым тұрғындардың арасынан жергілікті биліктің шешімін қолдамайтындар да табылды.

Доминик Чипетта есімді азамат шенеуніктерді сәнге емес, қалада орын алып жатқан түрлі қылмыстық оқиғаларға көбірек назар аударса екен дейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: