"Форбс" журналы әлемдегі ең бай террористік ұйымды анықтады

"Форбс" журналы әлемдегі ең бай террористік ұйымды анықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Ислам мемлекеті" экстремистік жасағы әлемдегі ең бай террористік ұйым деп танылды. Мұндай ақпаратты "Форбс" журналының Израилдік редакциясы келтіреді деп хабарлайдыАстана арнасы. 

Басылымның мәліметіне сүйенсек, әсіресе, исламшы содырлардың жылдық табысы 2 млрд долларды құрайды. Қаржының басым бөлігін олар қол астында ұстап отырған Ирак және Сирия мұнайын қара нарыққа сату арқылы алуда.

АҚШ қаржы министрлігінің мәліметінше, қарулы жасақтар мұнай келісімдері арқылы ғана жыл сайын 1 млн долларға жуық пайда табады. Олар алтын сату арқылы да қыруар табысқа кенелуде.

"Форбстің" бай лаңкестік топтар тізіміндегі екінші орында "ХАМАС" қозғалысы. Олардың жылдық табысы 1 млрд доллар.

Сонымен қатар, ең бай деген террористік ұйымдар қатарында Колумбияның қарулы жасақтары мен "Хизболла", "Талибан" және "Әл-Каида" ұйымдары бар. Олардың жылдық пайдасы 150 мен 600 млн доллар төңірегінде.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: