Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мұсылмандар Жаңа жерге Христофор Колумбтан 300 жыл бұрын келді, деді генуялық теңіз саяхатшысының күнделігіндегі мешіт туралы жазбаларға сілтеме жасап, деп хабарлады Би-би-си.
Латын Америкасындағы мұсылман діні басшыларының саммитінде сөйлеген сөзінде түрік көшбасшысы исламның Кубада пайда болуы 1178 жылдың төңірегі екенін еске салды. Тарихшылар Колумб күнделігіндегі «таудағы мешіт» деген сөздерді салыстыру түрінде түсіну керек екенін айтады, бұл жерде испандық экспедиция басшысы табиғи нысанның қызықты географиялық қасиеттеріне назар аударған, дейді олар. Жалпыға бірдей мойындалған қазіргі тарих ғылымына сәйкес Америкада алғашқы болған ежелгі скандинавтар көрінеді, олар Колумб саяхатынан 500 жыл бұрын қазіргі Канаданың жағалауын зерттеген. Америка құрлығының байырғы тұрғындары бұдан 15 мың жыл бұрын Беринг бұғазының мұзы үстімен өткен деген пайымдаулар бар.