Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.
Осындай игілікті Жиембет ауылының тұрғыны Медет Аскарұлы жасады. Жаны жомарт жан 1 семіз құнажын сойып, мешітке келіп көмек сұраған 21 отбасыға таратты.
Мешіт имамы қайырымдылықты қабылдап алып, жанұяларға үлестіріп берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі