Айт мейрамы негізінен мұсылман қауымы үшін ұлық мереке қуаныш. Имам Тирмизи риуаят қылған Айша (р.а.) анамыздан жеткен Пайғамбармыздың ﷺ хадисінде «Құрбан айт күні адам баласының ізгі амалының Алла Тағалаға ен сүйіктісі құрбандық қойды сою. Шындығында қиямет күні сол қойдың мүйізі, жүні және тұяқтары алып келінеді. Ағызылған қаны Алланың қалауымен жерге түспестен бұрын бір жерге түседі, олар соған қатты қуанады» деген.
Міне, осы бір ұлық мерекенің басталуына санарлық күндер қалды. Халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында Шу ауданына қарасты мешіттер мешіт ауласында құттықтау баннерлерін ілуде.
Алланың өзі мереке деп жазған мейрам берекеге толы өтсін.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі