#Шу: Мешіт шәкірттері сергіту уақытында садақ тарту өнерін үйренді

#Шу: Мешіт шәкірттері сергіту уақытында садақ тарту өнерін үйренді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы "Бөлтірік шешен" мешітінің имамы Біржан Бақбергенұлының ұйытқы болуымен "Имани жаз - 2022" жазғы діни сауат ашу курсының шәкірттері сабақ арасында садақ тарту өнерін меңгерді. 

Құран, әдеп, ғибадат сынды пәндерден дәріс алып жүрген шәкірттер бос уақыттарын да пайдалы нәрсеге жұмсауы үшін ұстаздары осындай сергіту сәтін ұйымдастырған болатын. 

Сондай-ақ, Көктөбе ауылы "Рақыш ата" мешітінде балаларға арналған сауат ашу курсы жалғасын тауда. Шәкірттерге Ерғазы Ақпанов дәріс беруде.

Ал "Ж.Жексенбай" мешітінде ер балалар өз еріктерімен намаз оқу үшін алғашқы қадамдарын жасауда. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадистерін көрсетеді: «Жеті жасына келгенде балаға намаз оқуды бұйырыңдар» дегенін білеміз. Ендеше, балалардың өз қалауларымен намаз үйренулері қуанарлық жайт.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: