Австралиядағы халал сертификаттарға қарсы акциялардың көбеюіне байланысты, елдегі азық-түлік және сусын өндіру ісінің жетекші органдары бұл акциялардың халал сертификат беру ісіне еш тосқауыл бола алмайтынын мәлімдеді.
Елдегі өндіріс ісінің басты органы қабылдаған бұл ереже сол елдегі мұсылмандардың арқасындағы жүгін біраз жеңілдеткендей болды. Халал сертификаттарға қарсы бұл акция Австралиядағы кәсіпкер мұсылмандардың кәсібіне зиян тигізу мақсатында ұйымдастырылған дейді орган өкілдері.