Стамбулда Латын Америка елдеріндегі мұсылман көшбасшыларының «Біздің дәстүріміз және болашағымыз» тақырыбына қатысты саммиті өтті. Іс-шараға латынамериканың Бразилия, Венесуэла, Аргентина, Чили, Мексика, Суринам, Уругвай, Парагвай, Никарагуа, Панама, Колумбия, Боливия, Доминиканс Республикасы, Гайана, Эквадор, Ямайка және Гаити сынды 40 мемлекетінен 76 делегат қатысты.
Саммит қасиетті Құран аяттарының оқылуымен басталды. Конференцияға келген қонақтарды Түркиянің дін істер басқармасының басшысы, профессор Мехмет Гермез қарсы алып, алғашқы сөзін қоғамда соңғы уақыттары мұсылман қауымының басынан өтіп жатқан проблемаларды талқылаудан бастады.
«Саммит дініміздің, тарихымыздың және мәдениетіміздің өркендеуіне үлес қосуға себеп болуы керек», - деді Мехмет Гермез.