БАҚ-тың хабарлауы бойынша, Түркияның Зонгулдак қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар ассоциациясы Қырым муфтиятына қасиетті Құранның 12 данасын сыйға тартты.
Бұл сыйға берілетін кітаптардың бірінші партиясы ғана. Қырым мұсылмандары діни басқармасына жалпы саны 200 дана Құран кітабын жөнелту жоспарланған екен.
Құран кітаптарын аталған ассоциацияның басшысы Исмаил Шентюрктің өзі Қырым муфтиятына тапсырды. Кітаптар жергілікті мұқтаж мұсылман жамағатына таратылады.