Академик алғыс айтты

Академик алғыс айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Жасан Зекейұлын қабылдады.

Кездесу барысында дін мен дәстүр ел болашағының баянды, тәуелсіздігіміздің кемел болуы жолында алатын орны мен маңызы жайлы сөз болды.

Жасан Зекейұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының дін жолында атқарып жатқан жұмыстарына алғысын білдіріп: «Мешіттерде  ұлттық нақышта іс-шаралар ұйымдастырылып, төл руханиятымыз насихатталу үстінде. Дін мен дәстүр жылын жариялап, осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарыңызға Алла Тағала береке берсін. Бұл құптарлық бастама. Төл руханиятын бойына сіңіріп өскен жастар елге қалтқысыз қызмет ететін азамат болып өседі. Жат ағымдардан аулақ болады. Сондықтан бұл бастаманың ел тарихында алар орны ерекше»,-деді.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: