Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен жазғы демалыс күндерін тиімді пайдалану мақсатында «Имани жаз» атты діни сауат ашу курсы ұйымдастырылған еді. Қазіргі уақытта өз жалғасын табуда.
Дәріс ұлдарға да, қыздарға да мұғалім сәни, намаз оқып үйрену, дәрет алу және т.б. Ислам шариғатының негіздерінен дәрістер жүріп жатыр.
Дәріске келген ұл-қыздардың дәрістен шаршап-шалдықпаулары үшін, дәріс соңанда «Меркі ата» мешітінің жастар жамағаты Алла разылығын ниет етіп бүлдіршіндерге балмұздақ таратты.
Игі іске сүйеу болған бауырларымыздың бастарына амандық, кәсіптеріне, ризықтарына береке тілейміз.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі