Бүгін "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің түлектері қорытынды емтихан тапсырғаннан кейін дипломдарын қолға алды. Дін білімін оқып, маман атанған жастарға оқу орны арнайы кеш ұйымдастырып, ата-аналарын қонақ етті.
Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, оқу орынының директоры Сәкен Сейдикаримов, ұстаз, тәрбиешілер, ата-аналар, мешіт имамдары қатысты.
Биыл медресені 18 шәкірт тамамдап, 5-і қызыл димлом алды. Дипломды облыс бас имамы, медресе профессоры Инаятулла Аззам ұстаз, қалалық "Әулие ата" мешітінің наиб имамы Алтынбек Хусайнов табыстады.
Шәкірттер жүрекжарды сөздерін айтып, ұстаздарына, медресеге алғыстарын жеткізді. Ұстаздары түлектерге өмір ағысында сәттілік, жеміс, Алла алдында беделді болуларын тіледі.
Кеште медресе-колледждің үздік ұстаздарына алғыс хат табысталып, ата-аналар да тілектерін айтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі