Шу ауданы Белбасар ауылы "Хати Сауранбайұлы" мешітінде 200 адамға құдайы ас берілді.
Құран жарысына келген қариларға, қатысушыларға, көрермендерге арналып аталған мешітте дастархан жайылған болатын.
Шу ауданы "Төле би" мешітінің имамы Талғат Сейткереев "Құранның артықшылығы, пенденің ақыретке дайындығы" турасында әсерлі уағыз айтты.
Шараға Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы да қатысып, Құран жаттайтын ұлдарды тәрбиелеп отырған ата-аналарға алғыс айтып, оның Алла алдындағы дәрежесін тілге тиек етті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі