Жамбыл ауданы орталық Жастар ресурстық орталығында ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының қатысуымен жастармен дөңгелек үстел өтті.
Аталған шара тақырыбы «ихсан ілімі» жайында, анығын айтқанда адал еңбек, еңбекқорлық турасында болып өтті. Сан сауалға жауап берген ауданның бас имамы әр мұсылман адал кәсіппен шұғылданып, адал табыспен күн көруге жіті көңіл бөлу керектігін айтты.
Шындығында, мұсылмандардың мәртебелі міндеттері мен парыздарының ең ізгілері: адал жолмен тапқан таза киімді кию, адал жеп, ішу, ілімді үйренуге ұмтылу, бір күндік тамағы жоқ кісіге садақа беру, жетімнің малын жемеу, адал кәсіп ету, отбасын адал кәсіп етіп, адал өмір сүруге тәрбиелеу.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі