Бүгін «Amanat» партиясының Шу аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Батиханұлы аудандық және ауылдық қоғамдық және келісім кеңес мүшелерімен, өңірде тұратын түрлі этнос өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында қазіргі жастардың тәрбиесі, оларға жөн көрсетуде аға буынның алар орны туралы айтылды. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Доктурхан Байбатшаев, қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы, аудандық мәслихат депутаты Махаббат Сұлтанова, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерболат Әбжаппарұлы, «Жастар денсаулық орталығының» меңгерушісі Есен Оспановалар сөз алып, тақырып туралы ойларын ортаға алды. Сондай-ақ жиынға қатысушы қариялар мен жастар да пікірлерімен бөлісті.
Пайымды пікір, парасатты ой айтылған жиын соңында қатысушылар оқушылар мен жастардың тәрбиесіне жете мән беріп, әрбір істің байыбына барып, отбасыдағы үлкендер рөліне ерекше көңіл бөлу қажет деген оймен тарқасты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі