Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Президентпен бірге «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне арнайы барды.
«Жошы хан» кесенесіне зиярат барысында Бас мүфти Құран аяттарын оқып, барша қазақ хан-сұлтандары мен батырларының рухына дұға бағыштады.


20 Желтоқсан 2025
29 Джумада-сани 1447

