Индонезиялық мұсылман қажылыққа велосипедпен баруды ұйғарды. Мұхаммед Фавзан 2021 жылдың 4 қарашасында Орталық Явадағы өзінің туған қаласы Магеланг қаласынан кетті. 7 айдың ішінде ол 5000 шақырым жолды жүріп өтті. Меккеге жеткен Мұхаммед дереу умраны орындады, содан кейін қалған қажылармен бірге ұлы қажылық парызын өтейді.
Биыл 100 мыңнан астам индонезиялық қажылық парызын өтейді. «Қажылықтан кейін мен велосаяхатымды жалғастырып, әл-Ақса мешітіне бару үшін Палестинаға жетуді жоспарлап отырмын», - деді мұсылман. «Барлығы маған бұл мүмкін емес екенін айтты, бірақ мен Алланың маған мүмкіндік бергенін көрсете алдым», - деді Мұхаммед.
asyldin.kz