Рак ауруының салдарынан қызынан айырылған әке қызының арманын орындау үшін 100 000 фунт жинайды. Мәриям 2017 жылы аналық без обырынан қайтыс болғанда небәрі жеті жаста еді. Өлер алдында қыз Бирмингемдік британдық мұсылман әкесі Сахгир Ахмедтен Африкадағы мұқтаж жандарға барып көмектесуін өтінді.
«Мәриям қайтыс болғанға дейін екі апта алдын маған Африкада жағдайы төмен адамдар үшін құдық салғысы келетінін айтты, сондықтан мен мұны қызым үшін жасауға тырысқым келеді», - деді Ахмед.
Қызына берген уәдесін орындаған 37 жастағы азамат қоғамдық құдықтарды орнату және мешіт салу үшін 100 мың фунт стерлинг жинады.
asyldin.kz