Шу ауданына қарасты мешіттерді уағыз-насихат тоқтамай бесін намазы уақытында күнделікті жүргізілуде.
Атап айтсақ, "Жылғабек" мешітінің имамы Абусейіт Қоспанов жамағатына "Ата-ананың ақысы" жайында көркем уағыз айтса, "Жиембетов Жексенбай" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков "Дос-жаранды зиярат ету" турасында, ал Еңбекші ауылдық мешітінің имамы Данияр Исаков "Тамақтану әдебі" және "Бірлік" мешітінің имамы Медет Жұматаев "Балаға ат қою әдептері" туралы уағыз-насихат жүргізді.
Дәстүріміз дінімізбен сабақтасқаны соншалық, шариғатта айтылған көп мәселелер біздің дәстүрімізге сіңіп, әдеттерге айналған. Дегенмен бүгінде ұмыт болып жатқан осы игіліктірді имамдар уағыздарына арқау етіп, пайғамбар сүннетін насихаттады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі