Қазақ халқы ежелден жомарттығымен танылған. Ұлтымыздың ұлы ұрпағы да ата дәстүрді жалғастырып, тұрмысы нашар отбасыларын, жетім-жесірді, талантты балаларды қорғап, қолдап жүруді жалғастырып келеді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші "Төле би" мешітінде кезекті "Қайырымды жұма" науқаны өтті. Шара аясында кәсіпкер азамат 1 қой сойып, етін 5 мұқтаж отбасыға таратты.
Игі шара басында Құран оқылып, бата берілді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі