#Шу: 7 отбасыға азық-түлік үлестірілді

#Шу: 7 отбасыға азық-түлік үлестірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы.

Осындай кезекті игі іс Шу ауданына қарасты Ақтөбе ауылы "Жылғабек" мешітінде жасалды.  Мектеп бітіріп жатқанына 30 жыл болған азаматтар мешітке 1 қой, қаржылай 100 000 теңге және азық-түлік алып келіп, 7 отбасыны қуантты. 

Мешіт имамы қайырымдылыққа деп алып келген аманатты мұтаж отбасыларға табыстап, ауыл азаматтарының ізгі ниетін жеткізді.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: